
Қостанайлық клубтың бас бапкері ОЖЖ барысындағы «Енисейге» қарсы ойын туралы пікірін бөлісті.
– ОЖЖ-да матч нәтижесі маңызды емес. Ең бастысы – қателігімізді анықтап, жетіспей жатқан жақты жөнге келтіру, соған уақыт бөлу. Бұл ойындар сол үшін қажет.
Бүгін бізде эмоция мен жеңіске деген ұмтылыс болды. Жігіттер тырысып бақты, олар жарады. «Енисейге» қарсы біз қорғаныс пен шабуылда әр түрлі нұсқаларды қолданып көрдік. Футболшылар күн сайын қосып келе жатыр. Бұл маңызды. Өйткені біз маусымның көктемгі бөлігіне жақсы дайындалғымыз келеді.