Жартылай қорғаушы сары-жасылдардың құрамында 2023 жылдың соңына дейін доп тебеді.

Асмир Сульич мансабын «Сараево» клубында бастады. Сондай-ақ, «Уйпешт», «Олимпия Любляна», «Диошдьор», «Маккаби Петах-Тиква», «Заглембе» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Босния мен Герцеговина жастар құрамасында да ойнады. 2017 жылы ол Венгрия мемлекетінің азаматтығын алды.

Сульич сол қапталда өнер көрсете алады, бірақ негізгі шебі – шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Асмир ойынды өрбіту, қарсы шабуылға шығу, дұрыс ашыла білу, дриблинг сияқты футболшыға қажетті қабілеттерді меңгерген.

Хавбек бұған дейін «Сараево» командасының капитаны болды.

Туған жылы: 11 қыркүйек 1991
Бойы: 171 см
Салмағы: 69 келі
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Венгрия

Ақпан 15, 2023