
«Тобыл» бас бапкері Түркиядағы екінші жиынның қысқаша қорытындысын бөлісті:
— Екінші жиынның соңғы күні екі бақылау матчы өткізілді. «Спартак-2» командасымен алғашқы ойынға келетін болсақ, аумақтық және ойын артықшылығымен екі таймды өткізген жас ойыншыларға ризамын. Олар өздерінің мүмкіндіктерін жүзеге асырды, одан да соғуға болар еді. Жас ойыншыларымыздың қалай жұмыс істеп жатқанына және өздерін дәлелдеуге тырысатынына қуанамын. Бізге командаға тепе-теңдік қажет. Қазір тәжірибелі ойыншылар жас футболшыларға көмектесіп жатыр, бұл біз үшін өте маңызды.
Айта кету керек, «Металлист» өте жоғары деңгейдегі қарсылас. Жиындарда жігіттердің ойын уақытын алуы және оны дұрыс пайдалануы маңызды болды. Есепке қарамастан, ойын өте қызықты болды. Бірінші таймда допты жақсы ұстадық, көп қозғалыс болды. Әрине, қорғаныста қателіктер бар. Жалпы айтқанда, біз ойынның қандай компоненттерімен жұмыс істеуіміз керегін білеміз.
ОЖЖ өте жемісті өтті. Барлық ойыншылар өте жақсы жұмыс істеді, барлық талаптарды орындауға тырысты. Ең бастысы, балалар бұл жиындарды жарақатсыз өткізді. Алдымызда үшінші кезең – Қостанайдағы шағын жиын тұр, оның нәтижесінде біз чемпионатқа оңтайлы жағдайда жақындауға тырысамыз.
Қазір жаңа команда құру процесі жүріп жатыр. Ойыншыларға кәсіби көзқарасы үшін алғыс айтқым келеді. Командадағы атмосфера керемет. Медициналық және жаттықтырушылар штабына жиындарда жақсы жұмыс істегені үшін рақмет.
Жалпы, біз Анталияда жоспарланған барлық жоспарды орындадық. Клуб басшылығы бізге жақсы жағдайлар жасалы, оларғада алғыс айтамыз.