Ислам Чесноков: «Өз алаңымыздағы бірінші ойын, қобалжу болды»

Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Қазақстанның Olimpbet-чемпионаты аясындағы «Ақсуға» қарсы жаңа маусымның алғашқы матчына қатысты пікір берді.

— Байқағандарыңыздай, ойынның басында шамалы қобалжу болды. Мұны маусымның басындағы бірінші матчпен байланыстыруға болады, бұған қоса жанкүйеріміздің алдында айтарлықтай жауапкершілік сезіндік.

Гол соққанына қуаныштымын, бірақ ең бастысы, команданың жеңісі. Жанкүйерге қолдау білдіргені және атмосфера үшін рақмет айтқым келеді.

Наурыз 6, 2023