Мильян Вукадинович: «Бірінші таймда сақ қимылдадық»

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы «Ақсумен» ойыннан кейін пікірін айтты.

— Біз бірінші таймда сақ қимылдадық, бірақ гол соққаннан кейін басымдықты қолға алдық.

Ең бастысы, біз чемпионаттың алғашқы матчында өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жеттік. Бұл жеңіс бізге келесі ойындарға сенімділік беруі тиіс.

Наурыз 6, 2023