Игорь Сергеев: «Ойынды толықтай бақылауға алдық»
«Шахтер» қақпасына дубль жасаған шабуылшы пікірімен бөлісті:
– Бас бапкер атап өткендей, қиын ойын болды. Біз ойынды толығымен бақыладық, тіпті көбірек гол соғуға мүмкіндік алдық. Бірақ матчты бұлай аяқтау жақсылыққа жетелемейді, өйткені қарсыластың да гол соғу мүмкіндігі болды. Менің екі голымның біздің командаға жеңіс әкелгеніне өте қуаныштымын. Қателіктер бар, бірақ біз жұмыс істеп, оларды түзетеміз.
Қазір футбол чемпионатында үзіліс. «Тобыл» оған жақсы көңіл-күймен кетті деп ойлаймын. Жеңіске жеткеніміз үшін командаға, қолдағаны үшін жанкүйерге алғыс айтамыз. Әлбетте, біз мұнымен тоқтамаймыз. Тек алға жылжи береміз.