
Жартылай қорғаушы Иван Рогач қостанайлық клуб сапына қосылды.
Сербиялық легионермен келісім-шарт бір жылға есептелген. «Црвена Звезданың» түлегі кәсіби мансабында Суперлига клубтары мен өз елінің бірінші лигасында өнер көрсетті. 2014 жылы еркін агент құқығымен украиналық «Волыньмен» келісім-шартқа қол қойды. 2015 жылдың ақпан айында «Войводинаға» ауысты.
2021 жылы Тольяттидің «Акрон» құрамын толықтырды және команда құрамында екі маусымға жуық бірінші лиганың 48-ші матчына қатысты, онда ол үш гол соқты.
Рогач – жартылай қорғаныста да, кез келген қорғаныс қапталында да ойнай алатын әмбебап аяқ-доп шебері. Дегенмен, ол көбіне тірек жартылай қорғаушы шебінде доп тебеді.
Туған күні: 18 маусым 1992
Бойы: 191 см
Салмағы: 90 келі
Алаң шебі: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Сербия