
Рамазан Оразов – «Тобыл» ойыншысы
Бүгін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «сары-жасылдармен» келісім-шартқа отырды.
Оразов – «Қайрат» академиясының түлегі. 2019 жылдың 11 шілдесінде ол Еуропа Лигасында босниялық «Широки Бриег» клубымен матчта дебют жасады. Жауап матчында еурокубоктардағы алғашқы добын соқты. 2020 жылы латвиялық «Даугавпилске» ауысты. Екі жылдан кейін ол ресейлік «Чайка» клубымен келісім-шартқа отырды, онда 12 матч өткізді. «Чайкадан» кейін Рамазан «Ақтөбе» және «Ақсу» командаларында ойнады.
2021 жылдың 31 наурызында Украина құрамасына қарсы Қазақстан құрамасы сапында дебют жасады.
Туған күні: 30 қаңтар 1998
Бойы: 171 см
Салмағы: 65 келі
Позиция: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан
Қош келдің, Рэм!