
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Қазақстан Кубогының алғашқы матчы туралы пікірін айтты.
Иван Рогач:
– Қиын ойынды күттік. Бірақ бәрі ойдағыдай болды. Бұдан да көп гол соғуымыз мүмкін еді. «Ақсу» құрамында сапалы футболшылар бар, қарсыластың мықты жақтарын білдік.
Біз үшін екі сәтсіз ойыннан кейін жеңіске жету қажет болды. Бұл, ең алдымен, психологиялық тұрғыдан өте маңызды жеңіс. Мен гол соғып, командама осы кездесуде жеңіске жетуге көмектескеніме өте қуаныштымын.
Енді бар назарымызды келесі кездесуге аударуымыз керек, жексенбіде біз «Ақтөбеге» қарсы өте маңызды матч өткіземіз. Дайындық басталды.