Сары-жасылдардың қақпашысы Кубок жолындағы «Ақсуға» қарсы ойын туралы пікірін бөлісті:

– Жалпы, қазір Қазақстанда жеңіл матчтар жоқ. Әр команда жақсы дайындалған және ынтасы жоғары. Барлығы соңына дейін күресуге дайын. Мұндай ойындарда, «Ақсу» сияқты, барлығы жеңіске жетуді қалайды. Біз күткендей, психология және физика тұрғысынан ауыр ойын болды. Бірақ команда мұны жеңе білді. Жинақы ойнап, бапкер тапсырмасын орындап, лайықты жеңіске жетті.

Айта кеткім келеді, біз «Ақсуды» эмоция және жеңіске деген жігердің арқасында жеңдік, өйткені біз өткен матчтарда оң нәтижеге қол жеткізе алмадық және жанкүйеріміздің алдында еңсе тіктегіміз келді.

Әрине, бұл жеңіс команда үшін өте маңызды, бізге бүгінгі эмоция қажет болды. Жанкүйеріміз команданы соңына дейін қолдайды деп үміттенемін.

Сәуір 20, 2023