Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы пікірін білдірді:

– Дербиде ойнау әрқашан қиын. Кешегі матчта жеңіске жету үшін бізге аздаған жинақылық жетіспеді, бірақ гол соғатын сәттер болды. Үзілістен кейін гол жіберіп алдық. Ал дерби қателіктерді кешірмейді.

Бірақ жіберіп алған екі доптан кейін біз еңсе түсірген жоқпыз, өз күшімізге сендік. Жігіттер қажет шағында жиналып, мінез көрсетіп, тең нәтижені лайықты түрде жұлып әкетті.

Атмосфера керемет болды! Қолдауға келген жанкүйерімізге алғыс айтқым келеді, олар кеш бойы біздің 12-ші ойыншымыз болды. Жақында біз «Орталық» стадионға ораламыз деп үміттенеміз, сонда жанкүйеріміздің қатары одан сайын артады.

Сәуір 24, 2023