
«Тобыл Ж» бас бапкері «Оқжетпес Ж» командасына қарсы ойын туралы пікірін айтты:
– Матч қиынға соқты, қарсылас тікелей пастармен ойнады. Олар біздің қорғаушыларымыздан асыра пас тастауға тырысты, жалпы антропометрия бойынша қарсыластар біздің ойыншылардан асып түседі. Бірақ біз бұл жағдайдан пастар арқылы шығуға тырыстық, жақсы ойнадық.
Жалпы, бірінші таймды жаман өткізген жоқпыз, екінші таймда біз аздап бәсеңдедік, осыдан соң матч соңы жоғары қарқында өтті. Жігіттер жақсы ойнады, шыдап бақты, ары қарай жұмыс істейміз.