
12 турдағы «Тобыл» – «Қызылжар» командалары арасындағы матч ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінірек басталады
Синоптиктердің болжамы бойынша, аптаның соңында аймақта ауа температурасы жоғары болады (+34,+35). Осыған байланысты «Тобыл» футбол клубы матчты 18:00-ден 20:00-ге ауыстыру туралы өтінішпен ҚКФЛ-ға хат жолдады.
Бұл шешім, ең алдымен, ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау және жанкүйерге қолайлы жағдай жасау үшін көзделіп отыр.
Тиісінше, матч алдындағы ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:00-де басталады.