
«Сары-жасылдардың» шабуылшысы Игорь Сергеев клубтан кетті.
Тараптар екіжақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Өзбекстандық футболшы «Тобыл» құрамын 2021 жылы толықтырды. Жалпы қостанайлықтар сапында 66 ойында алаңға шығып, 26 гол соқты.«Тобылмен» бірге ол чемпионаттың «алтынын» жеңіп, Суперкубок иегері атанды.
«Тобыл» футбол клубы Игорьге бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейді.