
Теріске шығару
Кейбір әлеуметтік желілерде «Тобыл» ФК қорғаушысы Александр Марочкиннің басқа командаға ауысайын деп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.
Клуб басшылығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және Александр Марочкиннің команда құрамында қалатынын хабарлайды, оның клубпен келісім-шарты аяқталған жоқ.
«Тобыл» Фк баспасөз қызметі тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады. Ресми хабарлар клубтың сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында таралады.