«Тобыл» футбол клубы Еуропа Конференция Лигасы матчында жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Конференция Лигасының бірінші кезеңі аясында «Хонка» ФК қарсы ойын 13 шілдеде Қостанайдағы «Орталық» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 20:00.

Рұқсат қағазын алу үшін кандидатураңызды мына электронды мекенжайға жіберу қажет – k_kaskyrbai@mail.ru. Әрбір делегаттан келесі деректер пакеті бар жеке өтінім сұралады:
1) Ұйымның атауы
2) делегаттың аты-жөні (латын әріптерімен), лауазымы.
3) делегат ұсынатын бас редактордың / басшының қолы және ұйымның мөрі бар редакциялық тапсырма.
4) байланыс деректері (эл. адрес. пошта және ұялы нөмір міндетті).

Өтінімдерді беру мерзімі – 30.06.2023 ж.бастап 08.07.2023 ж. қоса алғанда.

БАҚ аккредитациялау кезінде квоталау:
– газет-журналдар – 1 журналист + фототілші;
– ТВ / Радио – 2 журналист + оператор;
– ақпараттық агенттік – 1 журналист + фототілші;
– электронды БАҚ – 1 журналист + фототілші.

❗Аккредиттеу бейджінің саны шектеулі.

Маусым 30, 2023