
Момчило Мркаич – «Тобыл» ойыншысы
Босниялық легионермен келісім-шарт бір жылға есептелген.
Боснияның Требинье қаласында туған шабуылшы жергілікті «Леотар» клубында ойнай бастады. Көп ұзамай оның дарыны байқалып, 2009 жылдың жазында Белградтың «Бежания» клубымен келісім-шартқа отырды. Содан кейін «Гомель» сапына ауысып, 2010/11 маусымда Беларусь Кубогын жеңіп алды.
Келесі маусымдарда ол «Земун», «Борча», «Радник Биелина», «Витез», «Зрински Мостар» және «Войводина» сияқты командаларда ойнады. «Зринскимен» бірге 2016/17 маусымда чемпиондық атақты жеңіп алды.
Ойыншының соңғы клубы Босния мен Герцеговинаның «Борацы» болды.
Шабуылшы осы сенбіде – «Атырау» қарсы ойында дебют жасай алады. Мркаич 19 нөмірді таңдады.