Дмитрий Дмитриев бастаған Белорусияның төрешілер тобы УЕФА Конференция Лигасы аясындағы «Тобыл» – «Хонка» матчына тағайындалды.

Бас төреші – Дмитрий Дмитриев
Төрешінің көмекшілері: Денис Емельянчиков, Антон Палянов
Төртінші төреші: Виктор Шимусик (барлығы да Белорусиядан).

Аталмыш төрешінің статистикасына сүйенсек, соңғы 10 ойында 5 ескерту қағазын көрсетсе, өткен кездесулерде ешкімді алаңнан қумаған. Дмитрий Дмитриев бірден қатаң шешім қабылдамай, ойыншыларға мүмкіндік беріп отырады.

Естеріңізге салайық, «Тобол» – «Хонка» кездесуі 13 шілде күні 20:00-де басталады. Бұл ойынға билеттерді ресми сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz.

Шілде 10, 2023