«Тобылдың» директоры команданың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
– Финляндия елшілігі «Тобыл» делегациясына Шенген аймағына бірнеше рет кіретін визаны бермеді. УЕФА Конференция Лигасының бірінші кезеңінен соң біз Финляндия елшілігінен Шенген аймағы үшін мультивиза беруді сұрадық. Шенген визасын беру ережелеріне сәйкес, біздің тарапымыздан барлығы заң аясында жасалды, сонымен қатар УЕФА-дан келген барлық хаттарды материалдарға тіркедік, бірақ өкінішке қарай Финляндия елшілігі бізге бір реттік виза ғана берді. Соның кесірінен Швейцарияға кіру үшін берілетін виза алатын уақытымыз тығыз болып қалды.
Бұл процесті жеделдету үшін біз мүмкін болатын тетіктерді қостық. Бірақ, бәрі шешілгеннің өзінде команда Швейцарияға матч күні ғана келуі мүмкін, бұл ойынның нәтижесіне тікелей әсер етері анық. Ал футболда ұсақ-түйек нәрселердің болмайтынын білеміз.