
«Тобыл» украиналық жартылай қорғаушы Евгений Шаховпен еңбек шартына қол қойылғанын ресми түрде хабарлайды.
Евгений Шахов 1990 жылы 30 қарашада Днепропетровск қаласында дүниеге келген. 15 жасында ол Днепр академиясына келіп, екі жылдан кейін өзінің алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды.
Днепрде 2016 жылға дейін ойнады, барлығы 127 матч өткізіп, 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Содан кейін ол грекиялық ПАОК клубымен үш жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл клуб сапында 100-ден астам матч өткізіп, чемпионаттың «алтыны» мен Греция Кубогін жеңіп алды.
2019 жылдың жазында Шахов Италияның «А» сериясындағы «Лечче» командасына ауысты. Статистикасы – 24 ойын, 1 гол және 3 нәтижелі пас.
Евгений Украинаның барлық жасөспірімдер құрамасында ойнады, 2014 жылы Украина Ұлттық құрамасына шақырылды.
Жартылай қорғаушы бұған дейін Луганск қаласының «Заря» клубында доп тепті.