
«Тобыл» ФК бас бапкерінің матч алдындағы баспасөз конференциясынан:
– Біріншіден, «Базель» сияқты командаға қарсы ойнаудың орны бөлек, мықты команда, тарихы тереңде, дәстүрге бай клуб. Команда жыл сайын еурокубоктарда ойнайды және Швейцариядағы ең жақсы инфрақұрылымға ие. Сол үшін де «Базель» оңай берілетін қарсылас емес.
Футболда мүмкін емес ештеңе жоқ. Әрқашан өзіңе, мүмкіндіктеріңе сенуің керек. Күллі Қазақстанның атынан шығатын жігіттеріміз осындай беделді турнирде лайықты өзнер көрсетіп, барын салатынына сенімдімін.