«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Конференция Лигасының «Базельге» (1:3) қарсы бірінші матчы туралы пікір білдірді.

– «Базельдің» жоғары деңгейлі команда екенін жақсы білеміз. Олар футболды жақсы ойнайды. Біз қарсыластың видеоларын көрдік, талдадық. Менің ойымша, екінші тайм ойынның нәтижесін шешті. Біз үш гол соққан соң, әрі қарай жүйелі ойнауымыз керек болды.

Бізді шын жүректен қолдайтын қауымға рақмет айтқым келеді. Матчта біздің жанкүйерлердің де болғаны қуантады, алғыс шексіз, біз олардың қолдауын сезіндік.

Әлі ештеңе шешілген жоқ. Бәрі үйдегі, жауап ойынында белгілі болады. Біз жақсылап дайындаламыз.

Шілде 31, 2023