
Бүгін Қостанайдағы кешкі концерт алдында Қостанайдың құрметті азаматтарының тізіміне енгендерге төсбелгі табысталды.
Олардың арасында «Тобылдың» спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев «Қостанай қаласының құрметті азаматына» лайық деп танылды.
Айта кетейік, мұндай шешім облыстық және қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды.
Қостанай клубының аңызын лайықты марапатымен құттықтаймыз.