Руслан қайта оралды!

Жартылай қорғаушы Руслан Валиуллин Қостанайға қайта оралды.

Ойыншымен келісім-шарт 2023 жылдың соңына дейін жасалған. «Тобыл» құрамында Руслан 2019 жылдың 9 наурызында Қостанайда «Ертіске» қарсы матчта дебют жасады (3:0). Биыл ол Қостанай командасының құрамында жоғары дивизионда төртінші маусымын өткізбек.

«Қысқа ғана айтайын. Футболды қатты сағындым және бұл сынақ уақытының аяқталғанына қуаныштымын. Қыркүйек айында мен ресми түрде ойнай аламын. Осы уақыт бойы мені қолдаған жанкүйерге рақмет!»- деді Валиуллин клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында «Тобыл» ФК ФИФА тәртіптік комитетінен Руслан Валиуллинді 24 айға спорттан шеттету туралы хат алған болатын. Футболшының қанынан тыйым салынған зат табылды.

Русланға командаға қош келдің дейміз! Қайта оралуыңмен!

Тамыз 23, 2023