
Ресми хабарлама
Кейбір әлеуметтік желілерде «Тобыл» ФК-ның жаңа бас бапкер іздеп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.
Клуб басшылығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және бас бапкер лауазымына үміткерлердің ізделініп жатпағанын хабарлайды. Милич Чурчич командасын алдағы ойындарға өзі дайындайды.
«Тобыл» Фк баспасөз қызметі тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады. Ресми хабарлар клубтың сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында таралады.