Olimpbet-Кубоктың финалы аясында «Тобыл» «Ордабасымен» кездеседі.

Біздің жанкүйеріміз «Астана Арена» стадионының N-4 секторына келіп, командаға қолдау білдіре алады.

Қостанайлықтардың барлық жанкүйерін осынау маңызды ойынға шақырамыз.

Жанкүйерді орналастыру мәселесімен матч-менеджер Марат Күзембаев айналысады. Байланыс телефоны: +7-707-669 0 259 (WhatsApp).

Матч 16:00-де басталады.

Қазан 17, 2023