Сары-жасылдардың капитаны Olimpbet-Кубоктың финалы алдында пікірін бөлісті:

– Алдымен, «Ордабасы» клубын чемпиондығымен құттықтаймын. Ертең бізді мықты қарсыласпен жақсы ойын күтіп тұр деп ойлаймын. Жігіттер бұл ойынның маңызын түсінеді. Ең бастысы біз ештеңеге қарамастан өз ойынымызды көрсетуіміз қажет.

Иә, «Астана-Аренада» қаншама ойын өткіздік, керемет естеліктер қалды. Осы стадионда жақсы жетістіктерге жеттік. Сол үшін де бұл алаңда ойнау қашан да ыстық.

Ертең болатын маңызды кездесуге барша қостанайлықты шақырамын! Жанкүйерлерді қуанту үшін барымызды саламыз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін қажет.

Қараша 3, 2023