Қостанай футбол мектебінің түлегі Виталий Старновский «Тобыл» жастарының бас бапкері болып тағайындалды.

41 жастағы жаттықтырушы кезінде «Ақжайық», «Оқжетпес», «Астана», «Гефест» және «Қызылжар» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Бапкерлік мансабын Қостанай клубының футбол орталығында бастаған.

Виталий Старновскийге Қазақстан мен «Тобыл» құрамасының бұрынғы шабуылшысы Валерий Гаркуша көмектеседі. Дене дайындығы жаттықтырушысы болып Иван Иванов, ал қақпашылардың бапкері ретінде «Тобылдың» экс-қақпашысы Расул Бердіғожинов таныстырылды. Медициналық штабта өзгеріс жоқ, дәрігер – Марал Әбілқасымов және массажшы – Жансұлтан Сатмағамбет.

Қаңтар 12, 2024