Қостанайдың «Тобылы» еурокубок жолын Словакияның «Ружемберогіне» қарсы ойынмен бастайды.
Ружомберок Словакия чемпионатында бір рет жеңіске жетті (2005-2006). Сол жылы ел Кубогін иеленді. Өткен жылы команда Словакия Кубогін тағы бір рет ұтты. «Ружомберок» еурокубокта жеті рет ойнады. Команданың ең озық нәтижесі – Чемпиондар Лигасының (2006) және Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне (2017) қатысқаны.
Клубтың негізгі түстері – ақ, сары және қызыл.
Құрамында кімдер бар?
Қазір «Ружомберок» – бұл словак ойыншыларынан құралған команда, Ондржей Сметананың командасында тек 2 чех азаматы ғана ойнайды. Ол «Ружомберок» сапында 18 жылдан соң Словакия Кубогін жеңіп алды. Команда үздіктері – Самюэль Лавринчик, Мартин Хриен және қақпашы Томас Фрювальд.
Не күтеміз?
«Ружомбероктің» қорғанысы мығым, бұл шепті атақты «Бенфикада» ойнаған Мартин Хриен бастап тұрса, шабуыл өтінде Штефан Герец жүреді. Команда 5-4-1 немесе 3-4-2-1 схемасы бойынша шабуыл стилінде ойнайды. Голды көбіне орта тұстан жылдам шабуылдар арқылы соғады.
Қашан?
Ружомбероктегі алғашқы ойын 11 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 22:00-ге жоспарланған.