«Тобыл» футбол клубы өкілдері Қостанай қаласының Физика-математикалық лицейіне барды.

Лицей оқушыларымен Облыстық футбол одағының вице-президенті Болат Ысқақов, футболшылар Асхат Тағыберген, Роман Асранкулов, Александр Зуев және клуб менеджері Марат Күзембаев кездесті.
Болат Ысқақов пен Марат Күзембаев балаларға клубтың бай тарихы, жетістіктері мен қазіргі қызметі туралы айтып берді.

Оқушылар футболшыларға өздерінің мансабы, жетістіктері мен кәсіби спорттағы қиындықтары, оларды қалай жеңетіндері туралы сұрақтар қойды. «Сары-жасылдардың» ойыншылары оқиғаларын бөлісіп, балаларды спортпен айналысуға шақырды.

Сәуір 24, 2025