«Сары-жасылдар» қақпашысының матчтан кейінгі пікірі:

– Ойынға қоятын мақсатымыз әрдайым біреу – алаңға жеңіске жету үшін шығу. Құдайға шүкір, бүгін жеңіске жеттік, бәрі сәтті өтті. Алғашқы таймда гол соққанымыз өте маңызды болды, бұл бізге сенімділік сыйлады.

«Тұран» биыл керемет ойын көрсетіп жүр. Өте мықты команда, мінезді ойыншылар. Олар да біз сияқты әрдайым бір-бірі үшін жанын береді, қолдауға даяр. Кубок ойынынан кейін команда тактикалық өзгерістер жасап, қорытынды шығарғаны байқалады. Бүгін екі тарап та қауіпті сәтте жасаған, мүмкіндікке толы ойын болды.

Қостанайдағы жанкүйерлерімізді шын жүректен құттықтағым келеді! Сіздердің қолдауларыңызбен біз алға жылжи береміз. Біз біргеміз.

Мамыр 26, 2025