
Рақмет, Давид!
Того елінің шабуылшысы Давид Энен «Тобылмен» екіжақты келісім бойынша еңбек шартын үзді.
Сары-жасылдар сапында ол барлық турнирде 32 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді. «Тобылмен» бірге Энен Olimpbet-Суперкубогын жеңіп алды.
Давидке команда жетістігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз.