
Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзамен келісім-шартқа қол қойылғаны туралы ресми хабарлаймыз.
Мейрамбек – елорда футбол мектебінің тәрбиеленушісі, бұған дейін «Астана», «Оқжетпес» және «Жетісу» клубтарында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол «Жетісу» сапында 20 матч өткізді.
Қалмырза Қазақстан жастар құрамасында тұрақты ойнады және 2024 жылы негізгі құрама қосынына қосылды.
Мейрамбек «Тобылдың» оқу-жаттығу жиындарына қосылып, алдағы маусымға командамен бірге дайындалуда.
Туған күні: 15 желтоқсан 2002 ж
Бойы: 184 см
Салмағы: 74 келі
Позициясы: қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан