
Жаздың екінші айына арналған ойын жоспарымыз осы сенбіде басталады.
Сары-жасылдар «Елімайға» қонаққа барады. 13 шілдеде қостанайлықтар өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.
«Тобылдың» келесі ойыны 20 шілдеге белгіленген. Қарсылас – «Ақтөбе». Айдың соңғы сенбісінде, 26 шілдеде, астықты аймақтың жігіттері «Қайратпен» кездеседі.