Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчына электронды билеттер сатыла бастайды.

Ойын 6 шілдеде сағат 20:00-де «Орталық» стадионда басталады. Бұл ойынға билеттерді бүгін 12:00-ден бастап ресми сайтымыздан сатып ала аласыз – fctobol.kz.

Билет бағасы:
– Батыс мінбері, 2 қабат – 2500 теңге
– Батыс мінбері, 1 қабат – 2000 теңге.
– Шығыс мінбері, 2 қабат – 2000 теңге
– Шығыс мінбері, 1 қабат – 1500 теңге.

Сары-жасылдар, 6 шілде күні Орталық стадионға келіңіз! Еурокубок маусымын бірге бастайық!

Маусым 27, 2022