Серж Дебле — жаңа ойыншы

Бүгін командаға 32 жастағы ивуарлық шабуылшы Серж Дебле қосылды.

Дебле мансабын «АСЕК Мимозас» командасында бастады, 2008 жылы ағылшындық «Чарлтон Атлетик» клубына ауысып, Францияның «Анже» және «Нант» клубтарында жалға алу құқығымен ойнады. 2012 жылы ол Мәскеудің «Химкиімен» келісім-шартқа қол қойып, бірнеше айдан кейін «СКА-Энергияда» ойнады.

2013 жылғы маусымда Дебле «Ширак» командасында өнер көрсетіп, 26 матчта 15 гол соқты. Кейінірек ол даниялық «Виборг», қытайлық «Мэйчжоу Хакка», гонконгтық «Гуанчжоу R&F» және армян «Арараты» үшін ойнады. Ивуарлық футболшы бұған дейін «Пюникте» ойнады.

Шабуылшының «Тобылмен» келісім-шарты бір жылға есептелген.

Маусым 28, 2022