«Сары-жасылдардың» қорғаушысы Olimpbet-Кубок аясындағы «Таразға» (3:5) қарсы ойыннан соң пікірімен бөлісті.

– Біз бұл матчты жақсы бастап, барлығын өз қолымызда ұстадық. Жігіттер алаңның әр шебінде талас-тартыс жүргізіп, барын салды. Жеңіске жету керегін түсіндік. Сол үшін де аянған жоқпыз. Бірнеше гол соғатын сәттерді мүлт жібердік, мұнымызды қарсылас кешірмеді. Нәтижесінде үш гол соғып, бірақ ұтылып қалдық.

Қазір бар назарымыз бейсенбіде өтетін маңызды ойында. Осы сәтті пайдаланып әр ойын сайын қолдау көрсететін жанкүйерлерге алғыс айтамын.

Тамыз 8, 2022