«Тобыл» қорғаушысы Оlimpbet-Чемпионаттың 21-турындағы «Шахтермен» (3:1) өткен матчтан кейін пікірімен бөлісті.

– Ойын өте қиынға түсті. «Шахтер» – чемпионаттағы шабуылда көбірек ойнайтын команда, бірақ біз кездесу ырғағын бақылауда ұстадық. Өкінішке қарай, гол соғатын көптеген сәтті жіберіп алдық, әсіресе бірінші таймда мүмкіндіктер жеткілікті еді. Ең бастысы, біз үш ұпай жинадық. Үзілістен кейінгі ойындар әрдайым қиынға түсетінін атап өткім келеді, сондықтан бұл жеңіс біз үшін өте маңызды.

Бізді әрдайым қолдайтын жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Жеңіс құтты болсын, Қостанай!

Қазан 3, 2022