«Тобыл» футболшылары Қостанайда жаңа маусымға дайындықтың бірінші кезеңін өткізді.

Бүгін сары-жасылдар таңертеңгілік жаттығуын өткізіп, басшылықтың шешімімен 4 күн демалыс алды. 28 қаңтар күні қостанайлықтар Түркияға Қостанай – Астана – Стамбұл – Анталия бағыты бойынша аттанады.

«Тобылдың» Түркиядағы жиыны 29 қаңтарда басталып, 19 ақпанға дейін жалғасады. Бапкерлер штабы бұл жиында бақылау ойындарын өткізіп, жаңадан келген ойыншыларды командаға қабылдамақ.

Қаңтар 24, 2023