21 жастағы орталық қорғаушы Қостанай клубымен келісім-шартқа отырды.

Бұған дейін Роман Божко тек Оралдың «Ақжайығында» болды. 2021-2022 жылдары жастар құрамында ойнады. Ал өткен маусымда қорғаушы Бірінші лигадағы негізгі құрамда дебют жасады. Орал клубы сапында Божко барлығы 28 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Роман – болашағынан көп үміт күттіретін жас қорғаушы, ол сонымен қатар тіреуші жартылай қорғаушы позициясында ойнай алады. «Екінші қабатта» да сенімді қимылдайды. Ең бастысы, ол командаға шабуыл мен қорғаныста бірдей көмектеседі, үлкен жұмыс ауқымын атқарады.

Туған күні: 13 тамыз 2002
Бойы: 190 см
Салмағы: 80 кг
Азаматтығы: Қазақстан

Сәуір 2, 2024