«Тобыл» футболшылары жыл сайын өтетін аукционға шақырылды.

14 сәуірде Kostanay Plaza СОО-да қайырымдылық аукционы өтеді. Дәстүр бойынша, соңғы жылдардағы футболкалар мен басқа да футбол лоттары (доптар, қолғаптар) ұсынылады. Қайырымдылық шараның мақсаты аймақтағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін ақша жинау.

Іс-шараға Қостанай клубының ойыншылары қатысады. Келіңіздер, сары-жасылдар!

Сәуір 11, 2024