Жаңа турнир – 1ХВЕТ QFL Лига Кубогы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

«Тобыл» В тобында «Қайсар», «Ақтөбе» және «Жеңіс» командаларымен ойнайды. Жеребеге сәйкес, «Тобыл» 1ХВЕТ QFL Лига Кубогындағы жорығын 25-26 мамырда бастайды, ал екінші және үшінші тур 6-7 және 20-21 шілдеде өтеді.

Топтық кезеңде әр команда қарсыластарымен бір матчтан өткізеді, ал бірінші орын алған ұжым екі раундтық жартылай финалға өтеді. Жартылай финал 10-11 тамызда және 30 қазанда өтеді, ал финал 24 қарашаға белгіленген.

Сәуір 26, 2024