Валерий Агеев — 70 жаста

“Тобыл” ФК басшылығы ұлттық дәрежедегі төрешіні мерейтойымен құттықтады

 Команданың кешкі жаттығуына дейін “Тобыл” ФК ұжымы белгілі футбол маманы Валерий Хачетурович Агеевті 70 жас мерейтойымен құттықтады. Клубтың төлсипаттары мен спорт экипировкасын тарту етті.
Валерий Агеев — бүкілодақтық дәрежедегі төреші атағын алғашқы алған қостанайлық саналады. Айта кетейік, ол жетпісінші жылдары Челябинскінің “Зенит” командасында ойнады. Футболшы мансабын аяқтаған соң төреші қызметіне көшті. КСРО чемпионатының бірнеше ойындарында жұмыс атқарды. Кезінде Қазақстанның Лаос пен Ауғанстанға қарсы мачтарында төрелік етті. 

Ол соңғы жылдарға ҚР ҚФФ инспекторы қызметін атқарды. Клуб ұжымы футбол маманына ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейді.

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Жаңа құраммен
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Такого предложения может уже и не быть в дальнейшем»
  • Олег Лотов: «Қарсылас стандарттарды сәтті жүзеге асырды»
  • (РУС) Прими участие в опросе в целях обновления Стратегии развития футбола!
  • Григорий Бабаян «Тобылдан» кетті
  • Біздің қарсылас – Хайдук
  • Николич үздіктер құрамасында
  • Билеттерді онлайн сатып алыңыз!
  • Өткен ойынның фотоесебі
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Очень хороший первый тайм провели»