Аккредиттеу басталды

«Тобыл» футбол клубы Еуропа Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жұмыс істеу үшін журналистерді аккредиттеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Еуропа Конференция Лигасының үшінші кезеңі аясында «Жилина» ФК қарсы ойын 5 тамызда Нұр-Сұлтандағы «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Рұқсат қағазын алу үшін кандидатураңызды мына электрондық мекенжайға жіберу қажет – k_kaskyrbai@mail.ru.
Әрбір делегаттан келесі деректер пакеті бар жеке өтінім сұралады:
1) Ұйымның атауы
2) делегаттың аты-жөні (латын әріптерімен), лауазымы.
3) делегат ұсынатын бас редактордың / басшының қолы және ұйымның мөрі бар редакциялық тапсырма.
4) байланыс деректері (эл. адрес. пошта және ұялы нөмір міндетті).

Өтінімдерді беру мерзімі – 30.07.2021 ж.бастап 02.08.2021 ж. қоса алғанда.

БАҚ аккредитациялау кезінде квоталау:
– баспа БАҚ – 1 журналист + фототілші;
– ТВ / Радио редакцияларынан – 2 журналист + оператор;
– ақпараттық агенттіктерден – 1 журналист + фототілші;
– электронды БАҚ – 1 журналист + фототілші.
Аккредитацияның болуы мыналарға кепілдік береді:
1. Матч өтетін күні стадионға еркін кіру;
2. Баспасөздегі орын;
3. Матчтың бастапқы құрамы;
4. Баспасөз конференциясына қатысу.
Рұқсат қағазы матч алдындағы баспасөз мәжілісінде беріледі.

Айта кету керек, соңғы эпидахуалға байланысты аккредиттеу бейджінің саны шектеулі.



  • Игорь Сергеев: «Стадиондағы атмофсераны ақшаға сатып ала алмайсың»
  • Жастар жеңіске жетті
  • Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық»
  • Бриджидо алаңға шықпайды
  • Төреші бекітілді
  • Олег Лотов: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Тобол Ж – Ақсу-Павлодар: тікелей көрсетілім
  • Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»
  • Тобыл – Каспий: фотоесеп
  • Тобыл – Каспий: тікелей көрсетілім