Ежелгі қарсыласты еңсерді

3535

Футболсүйер қауым әр маусым сайын “Тобыл” мен “Ақтөбенің” ойындарын асыға күтеді. Жаңа ғасыр басынан бері бұл екі ұжымның кездесуі “Ел классикасы” атанып жүр. Ал Ақтөбедегі талас-тартысқа толы өткен ойын ежелгі қарсыластардың осы маусымдағы қарымын көрсетті.  

Алғашқы минуттардағы басымдық алаң иелерінде қалды. Алдымен шабуылшы Ф.Кассиано қайшылап тепті. Қырағы қақпашы Д.Непогодов өз орнында. Бразилиялық легионер тағы бір мәрте қақпашыны сынап көрді. Оның тепкен добын Д.Непогодов тырп еткізбей ұстап алды.  
“Ақтөбе” арынын күшейтті. Айып алаңына көтерілген пасқа биік секірген жас ойыншы Асланбек Кәкімов баспен ұрды. Қақпашыға қақпа бағанасы көмекке келмегенде есеп ашылар ма еді. Бірінші тайм ортасына қарай “Тобыл” қысым көрсете білді. Осыдан соң ойын қарқыны саябырсыды. Орта тұста жүрген А.Тағыберген әріптесі Д.Деспотовичті тура паспен тапты. Соңғысы допты Алексей Щеткинге жалғады. Қостанайлықтардың бас мергені қорғаушымен таласта құлап барып, С.Отарбаев қақпасына теуіп үлгірді. 0:1!
Екінші тайм басында қонақтар тағы белсенді. Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан көтерген добына Сергей Малый бірінші жетіп, таблодағы көрсеткішті 0:2 қылды. “Тобыл” мұнымен тұрақтамады. Қарымта шабуылдардың бірінде есеп айырмасын үш допқа дейін жеткізді. Бұл жолы да комбинациялық шабуыл.  Деспотович ұсынған басты өз ырқына оңай бағындырған шабуылшы Джалилов қателеспеді. 

«Ақтөбе» бапкерлері бірден үш ойыншыны алаңға жіберді.  Ал “Тобыл” сапында жарақат алған А.Тағыбергенді С.Жарынбетов алмастырды. Қостанай жанкүйерлеріне жақсы таныс Байтана, Зенькович және Альмейда есепті қысқартуға тырысты. Бұлар ұйымдастырған шабуылды Йори Мамуте голға айналдырды. 1:3! Міне, сізге “Ел классикасы”! Талас-тартыс соңғы минуттарға шейін жүрді. Келесі сәтте “Ақтөбе” шабуылшысы Жуниньо гол соққанда, “Тобылға” әлдеқайда қиын болар ма еді. Дегенмен, бүгінгі ойынның үздігі – Дмитро Непогодов өз командасын тағы бір голдан құтқарып қалды.

Осы жеңістен соң қостанайлықтар турнир кестесінің 4-сатысына көтерілді. Енді 20 мамырда “Оқжетпесті” қабылдайды. 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • 🇬🇪მადლობა ნიკა 🇬🇪 Спасибо, Ника!
  • Спасибо, Петрос!
  • Роман, спасибо!
  • Спасибо, Арман!
  • Джаба Канкава: «Спасибо за все, Костанай!»
  • Қаңтарда бастаймыз
  • Рахмет, Джаба!
  • Рахмет Себа!
  • Премьер-лигаға қатысушылар саны кеңейтілді
  • Сергей Малый – үздік үштікте