“Ақжайықтан” аса алмады


Подопечные Тетрадзе проиграли в 10 туре Чемпионата уральскому “Акжайыку”

Оралдық клуб біріншіліктің 10-шы турында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті

Матч басында-ақ алаң иелерінің басымдығы байқалды. Бірақ, “Тобыл” да өз кезегінде жүйелі шабуылдармен жауап қайтарып отырды. Мәселен, Д.Деспотовичтің, Т.Жаңғылышбайдың соққыларынан соң қақпашы Д.Төлебаев өз командасын голдан құтқарып қалды. Тағы бір сәтте қос қапталдағы қорғаушылар Сартаков пен Жақыпов шабуылшыларға әлсін-әлсін пас ұсынып отырды.

Үзілістен кейін де алаң иелері қорғаныстағы шеберліктерін көрсете білді. Стандарттық доптарға иек артқан оралдықтар ақыры дегендеріне жетті. 75-минутта Сергиенко «Ақжайықты» алға шығарды – 1:0. Оның шірене тартқан добына қақпашы Непогодов түк те істей алмады.
Осылайша, “Тобыл” маңызды үш ұпайдан айырылып қалды.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Малый — финалдың үздік ойыншысы
  • Суперкубок Қостанайда!
  •  Григорий Бабаян: «Ребята сыграли очень достойно, бились – так строится команда»
  • Әкімнің құттықтауы
  • «Тобол» — «Астана»: судит Измайлов
  • Аккредитация СМИ на матчи «Тобола»
  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!