Александр Мокин – маусым рекордшысы

«Тобыл» қақпашысы осы маусымда қақпасына гол жібермегендердің тізімін бастады. 

Александр 13 кездесудің 10-да қақпасын «құрғақ» ұстады. Айта кетейік, бұл аталымда үш жыл қатарынан сары-жасылдар озық шығып отыр. 2018 жылы – Дмитро Непогодов, 2019 жылы Эмиль Балаев үздік атанған еді. 

Екінші орында «Тараз» ойыншысы Мұхамеджан Сейсен тұр. Ол 6 ойынды гол жібермеген. Үздік үштікті «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов қорытындылады. Сондай-ақ 6 «құрғақ» матч өткізгендердің қатарында қызылордалық Александр Заруцкий мен Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар») бар.



  • Аккредитация СМИ на матчи «Тобола»
  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!
  • Жанкүйерлерге құлаққағыс!
  • Душан Йованчич – «Тобыл» ойыншысы
  • Ресми хабарлама
  • Олег Лотов: «Футбол орталығының ойыншыларын бақылаймыз»
  • Жастар жүлдеге таласуда