Александр Мокин – маусымның үздік қақпашысы

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның қорытындысын шығаруды жалғастыруда.

Осы жолы «2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы» номинациясының жеңімпазы сауалнама нәтижесі бойынша анықталды.

Жеңімпаз футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері арқылы белгілі болды.

Сонымен 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы болып «Тобылдың» қақпашысы Александр Мокин танылды.

Үздіктер тізімі төмендегідей:
1. Александр Мокин («Тобыл») – 59 ұпай;
2. Стас Покатилов («Қайрат») – 53 ұпай;
3. Ненад Эрич (Астана) – 36 ұпай;
4. Марко Милошевич («Каспий») – 30 ұпай;
5. Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар») – 20 ұпай.



  • Қаңтарда бастаймыз
  • Рахмет, Джаба!
  • Рахмет Себа!
  • Премьер-лигаға қатысушылар саны кеңейтілді
  • Сергей Малый – үздік үштікте
  • Джаба Канкава – Грузиядағы үздік үштікте
  • Александр Мокин – маусымның үздік қақпашысы
  • «Toyota-ға талас» аяқталды
  • Қақпашылар статистикасы – 2020
  • Алекса Аманович – чемпионаттың үздік бестігінде