Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»

«Қайратпен» өткен ойыннан кейін Қостанай клубының қақпашысы шағын сұхбат берді:

– Алдымен, Қостанай облысының жанкүйерлерін осындай маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын өте мазмұнды және қызықты өтті.

Алғашқы минуттардан бастап біз ауыр матчқа дайындалдық. «Қайрат» – жоғары дәрежедегі орындаушылары бар жақсы команда, бірақ бүгін озық шықтық. Осындай оңайға соқпайтын матчта жеңіске жетудің өзі мәртебе.

Жігіттер өздерінің шынайы қуанышын көрсетті. Олар үшін қуаныштымын. Өкінішке орай, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты біздің жанкүйерлер бүгін «Тобылдың» матчына келе алмады, бірақ біз олардың қолдауын сездік.

Баршаңызды биылғы алғашқы жеңісімізбен құттықтаймын!

 

 



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»