Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»

Қостанайдың «Тобылын» баптайтын Александр Москаленко «Қызыл-Жармен» өткен ойын туралы пікірін білдірді (0:2):

– Құрама ойындарынан кейін және чемпионаттағы үзілістен кейін алаңға шығу қиынға соғады. Жігіттер алаңда жанкешті өнер көрсетіп, эмоцияға ерік берді, бұл ойынға кедергі келтіреді, сонымен қатар алаң сапасы да сын көтермейтіні рас. Екі команда жеңілгісі келмеді, әр команда өздерінің турнирлік міндеттерін шешті. Ойын барысында талас-тартыс жоғары дәрежеде болды, ешкім берілгісі келмеді. Біз өз сәттерімізді пайдаландық, тыңнан шыққан жігіттер ойынға өте жақсы кірді.

Біз ойынның әр компонентін дамыта беруіміз керек. Команданы және жанкүйерлер секторын жеңіспен құттықтаймын. Біз бүгінгі нәтижені ұмытып, әалға жылжуымыз керек.

 



  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”
  • Сергеев – үздік үштікте!
  • Зоран Тошич: «Англиядағы бір жыл – мен үшін үлкен футбол мектебі»
  • Футбол орталығына келіңіз
  • Тарихтан тәбәрік: Тобыл – Ақтөбе кездесуі
  • Ержановты еске алып…
  • Мирошниченко ем алып жатыр